Verification: 662e000153e1b2b7
Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасы - 2021 жыл
"Алтын сақа" олимпиадасы дегеніміз не?


"Алтын сақа" олимпиадасы "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің бастамасымен, "Астана Дарыны" ДДжПСО қолдауының арқасында 2016 жылы алғаш рет Астана қаласында ұйымдастырылып, қазіргі таңда өзіндік орыны бар республикалық Олимпиадаға айналды.

Олимпиаданың мақсаты - мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру. Математика пәніне қызығушылығы бар оқушыларды олимпиадалар өткізу арқылы анықтап, олимпиадалық резерв топтарын қалыптастыру негізінде республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындау.
"Алтын сақа" олимпиадасының ерекшеліктері
- Олимпиада тегін ұйымдастырылады.

- 3-6 сыныптар арасында өткізілетін Республикалық деңгейдегі олимпиада.

- 100 баллдық жүйе. Бұл жүйе арқылы үміткердің білім деңгейін дәл бағалауға болады.

- Тәуелсіз бағалау жүйесі

- Тапсырмалары авторлық

- Олимпиаданың жылдық жүлде қоры 3 миллион теңге

- Олимпиадаға қатысушылар саны жылына 50 мыңнан артады
АЛтын сақа олимпиадасының кезеңдері
"Zerdeli" ақыл-ой дамыту мектебі
2014 жылы Астана қаласында "Zerdeli" ақыл-ой дамыту мектебі ресми түрде ашылды.

Кәзіргі таңда, бүкіл Республиканың 8 облысында, 16 бөлімшесі жұмыс жасайды.


"Zerdeli" түлектері НЗМ, Зерде, РФМШ, БИЛ және басқа дарынды балаларға арналған мектептерге жоғары нәтижемен қабылдануда. "Zerdeli" оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленуде.

"Zerdeli" ақыл-ой дамыту мектептерінің бағыттары:
Серіктестеріміз
"Алтын Сақа" олимпиадасынан естеліктер
Made on
Tilda