Verification: 662e000153e1b2b7
Бıлıм – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.

Мұзафар Әлıмбаев
2014 жылы Астана қаласында "Zerdeli" ақыл-ой дамыту мектебі ресми түрде ашылды.

Қазіргі таңда, бүкіл Республиканың 9 облысында, 17 бөлімшесі жұмыс жасайды.

"Zerdeli" түлектері НЗМ, Зерде, РФММ, БИЛ және басқа дарынды балаларға арналған мектептерге жоғары нәтижемен қабылдануда. "Zerdeli" оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленуде.
Біздің басты мақсатымыз – баланы даму әлеміне енгізу болса, басты бағытымыз – балаға сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, оған қоса, баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Осы бағытты қолдану арқылы бала жігерінің дамуына, өз бетінше ізденуіне және жеке тұлға ретінде қалыптасуына басты назар аударамыз.
"ZERDELI" ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушы
Ырысбек Мәуіт
Жаңалықтар
Пікірлер
Рахмет, Бағлан Берденовна! Мектебімізге келіп,сіздердің ұжымдарыңыздың өткізген семинарлары туралы,олимпиаданы ұйымдастырудағы шеберліктеріңіз,сіздердің орталықтарыңыздағы жас болса да,бас болып жүрген ұстаздар жайында айтып тауыса алмай жатырмыз.Осындай өте әсерлі болған сапарымыз,сіздердің ұстаздар мәртебесін көтеруде жасаған оң істеріңіз көпшілік көңілінен шықты.Сіз арқылы басшыңыз Ырысбек Мәуітке,барлық ұжым мүшелеріне мықты денсаулық, шығармашылық жетістік, нәтижелі еңбек тілеймін!
Жұбанова Балсұлу
Добрый день, уважаемые организаторы, коллеги! Хочу выразить вам слова огромной благодарности за проведение Олимпиады и семинара в такое непростое для нас время.
Спасибо за ваш труд!!! Желаю всем нам мирного неба, благополучия, здоровья, творческих успехов.
С наилучшими пожеланиями от Акмолинской области г.Степногорск
Науменко Евгения
Алтын тұғыр олимпиадасын ұйымдастырушылар алқасына үлкен рахмет. Бәрі әділ өтті. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Қонақ үйдегі жағдайымыз өте керемет болды .Алған ақпараттар мен сабақтарымыз өз алдына бір ғанибет. Бізге сабақ өтіп өз білімдерімен бөліскен ұстаздарға ризамын. Алланың нұры жаусын. Бағлан Берденқызы сіздің біздер үшін жасаған еңбегіңізге дән ризамыз. Деніңізге саулық,отбасыңызға амандық,жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін🙏🙏🙏❤️❤️❤️
Әбзейтова Элмира
Зерделі ақыл ойды дамыту орталығы мен Дарын орталығына алғысым шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін. Каншама бастауыш сынып мұғалімдерінің білімінің артуына ,жетістікке жетуіне себепші болып жатырсыздар. Шығармашылық табыстар тілеймін
Нукаева Нургуль
Пікір қалдыру
Түймені басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге келісесіз.
Біздің серіктестеріміз
Егер де біздің серіктесіміз болғыңыз келсе төмендегі поштаға жазыңыз.
© All Rights Reserved. Zerdeli Talant
zerdeli.talant2021@gmail.com
Made on
Tilda